Айбек Нұғымаров карантин кезінде тойға барғаны үшін жазаланады

Оның тойға баруы соңғы екі күнде қызу талқыланған жаңалықтардың бірі болды

Айбек Нұғымаров карантин кезінде тойға барғаны үшін жазаланады
Фото: ашық дереккөзден

Семей қаласындағы көлік колледжінің директоры Айбек Нұғымаров карантин кезінде тойға барған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап.

«Осындай қиын кезеңде студенттер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау - негізгі әрі маңызды мәселенің бірі. Мұндай күрделі кезеңде барлық жұмысшылар мен студенттерге үлгі болатын директордың өзі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзып отыр. Айбек Серікболұлы қазіргі уақытта еңбек демалысында. Жұмысқа шыққаннан кейін оны тәртіптік жауапқа тарту мәселесі қаралады», - делінген білім басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, соңғы күндері әлеуметтік желіде Семей қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен үйлену тойының видеосы тарады. Видеодан қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпаздары – Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновты көруге болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.