$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2019, 09:31
Жаңалықтар

Түркістан облысында астыртын казино анықталды

Заңды белшесінен басқан азаматқа қатысты құжаттар Сарыағаш аудандық прокуратурасына жіберілді 

Түркістан облысында астыртын казино анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Көктерек ауылының тұрғыны астыртын казино ұйымдастырған, деп хабарлайды otyrar.kz Түркістан облысы мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қазметіне сілтеме жасап.

Астыртын казино 13 қараша күні сауда орындарының онлайн кассалық бақылау аппараттарына ауысу талаптарының орындалуын тексеруге арналған рейд барысында анықталған.

ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңын белшесінен басқан А.Құлжановаға қатысты құжаттар Сарыағаш аудандық прокуратурасына жіберілді.

Бүгінгі күні казино бизнесін жүргізу арнайы бекітілген талапқа сай, Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағасында және Ақмола облысының Щучье ауданында ғана жүргізуге рұқсат етілген.

Қазір Түркістан облысының мамандары базар, дүкен, дәріхана сынды тағы басқа нысандарда кассалық-бақылау аппараттарынның орнатылуы тексерілуде. Курорттық аймақ саналатын Сарыағаш ауданына ерекше көңіл бөлінуде.

Серіктес жаңалықтары