Атыраулық оқушы пластиктен кірпіш жасады

Azattyq Rýhy
17.11.2019, 17:44

Кірпіштің жаңа түрін НЗМ-нің 10-сынып оқушысы Ермек Кеңесов ойлап тауыпты

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Ермек Кеңесов химияны меңгеру барысында құрылысқа қажет кірпіштің жаңа түрін ойлап тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 «Мен бұл жобаны зерттеу үстінде БҰҰ-ның деректері бойынша пластикалық қалдықтар жыл сайын әлемде 1 миллионнан астам құстың өліміне, 100 мыңға жуық судағы сүтқоректілер мен балықтардың жойылуына себепші болатынын анықтадым. Пластикалық пакеттер Тынық мұхитында қоқыстардың аралына айналып барады. Мұның барлығы антропогендік әрекеттердің салдарынан туындайтыны шындық», – дейді Ермек.

Жас өнертапқыштың айтуынша, мұндай жағдайдан шығудың жолы — пластикалық қалдықтарды өңдеу арқылы қайта қолдану. Ермек бұл идеясын іс жүзінде дәлелдеу үшін кәдімгі қиыршық тас, топырақ және пластмассалық қалдықтарды пайдалана отырып пласткірпіш жасап шығарды. Алдымен ол өнімнің экономикалық тиімділігін анықтау мақсатында полимердің аддитивтік және конденсациялық қасиеттерін физика мен химия пәнінде зерттеген. Сондай-ақ, көптеген деректерді ғаламтор және дәстүрлі әдебиеттерден іздегенін айтады. Кейін пластмассаларды бөлшектеу үшін тіпті қатты картоннан гидравликалық аппарат жасағанын айтты.

Тәжірибенің соңында пласткірпіш дайын болып жобаның жұмысы сәтті аяқталды. Алғашқы өнім нарықтағы кірпіштен кем емес. Себебі, оның тығыздығы, суды сіңіруі және аязға тұрақтылығы талапқа жауап береді.

Қазіргі таңда Ермек пласткірпішті көптеп шығару үшін өндіріс ашуға ниетті. Ол үшін мектеп оқушысы арнайы бизнес-жоспар құрып, кірістер мен шығыстарды есептеп қойған.

 «Пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу - нарықтағы пластмассалық өндірісті азайтудың ең тиімді жолы», - дейді Ермек Кеңесов.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
«Жусан» операциясы жалғаса ма - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жауабы
Биыл Қазақстанда үш террористік актінің жолы кесілді
Көкшетауда 2 адам иіс тиіп, ауруханаға түсті

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат
Бүгін сайтымызда саясаттанушы Айдос Сарыммен болған сұхбат жарияланды
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді