Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда жел соғып, көктайғақ болады

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
10 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 25 метрге жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына кей жерлерде 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік - батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан, кей жерлерде 16 м/с жылдамдықпен жел соғады.