$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2020, 03:44
Жаңалықтар

Қаны II топқа жататын адамдар тез коронавирус жұқтырады – жалған ақпарат

Көптеген ақпарат құралдары сілтеме жасаған дереккөз шындығында, сенімді саналмайды 

Қаны II топқа жататын адамдар тез коронавирус жұқтырады – жалған ақпарат
© Фото: Depo Photos, Keystone Press Agency, Globallookpress

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында қаны ІІ топқа жататын адамдар COVID-19 инфекциясына жиі ұшырайды және оны басқаларға қарағанда ауыр көтереді деген ақпараттар жариялануда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады stopfake.kz.

Қан тобы мен коронавирустық инфекцияның арасындағы болжамды байланыс туралы айтқан барлық жаңалық порталдары зерттеу жарияланған MedRXiv.org сайтына сілтеме жасайды. Айта кетейік, барлық дереккөздерде нақты мақалаға емес, порталдың өзіне ғана сілтеме көрсетілген.

«MedRXiv.org – медицина және биология саласындағы алдын ала, клиникалық расталмаған медициналық зерттеулерді ашық түрде жариялауға арналған платформа. Ол сайтта жарияланған мақалалар сенімді деп саналмайды немесе клиникалық нұсқаулық ретінде пайдаланылмайды деген ескерту бар. Жалпы алғанда, Интернеттегі мұрағатта жарияланған барлық зерттеулер ауқымды клиникалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін расталуы немесе жоққа шығарылуы керек теориялар саналады», - делінген хабарламада.

БАҚ-қа сілтеме жасаған мақалада ғалымдар «Ухань мен Шэньчжэньдегі үш аурухананың COVID-19 расталған 2173 пациентінен талдау алған, оның ішінде 206-сы коронавирустан қайтыс болған адамдардікі» делінген.

«2020 жылы Жер халқы шамамен 7 817 410,000 адамды құрайтынын ескерсек, бұл іріктеу ғылыми тұрғыдан сенімді қорытынды жасау үшін жеткіліксіз», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, MedRXiv.org сайтында қан тобы мен COVID-19 жұқтыру ықтималдығы арасындағы байланысты жоққа шығаратын басқа да зерттеулер бар.

Жаңа коронавирустың табиғатын жақсы түсіну үшін әлемдік ғалымдар оның барлық ықтимал белгілері мен аурудың өршуіне әсер ететін факторларды зерттеуге тырысады. Мамандар КВИ мен пациенттердің гендерлік байланысын, COVID-19-дан зардап шеккендердің ілеспе аурулары мен биометриялық деректерін және әртүрлі жас және этникалық топтарға жататын пациенттер туралы басқа да ақпаратты зерттеуде. Дегенмен, бұл зерттеулердің барлығы тек теория жүзінде ғана қала береді және олардың клиникалық дәлелдері жоқ.

Серіктес жаңалықтары