«Болашақ» стипендиаттарының тізімі жарияланды
Комиссия 25 адамды стипендиясынан айырды
30 қазанда Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия 2 мәселені қарады: конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау және оның жекелеген иегерлерін «Болашақ» халықаралық стипендиясынан айыру.
26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өткізілген конкурстық іріктеудің бірінші және екінші кезеңі нәтижелері бойынша комиссия қарауына 59 үміткердің материалы енгізілді. Оның ішінде 50 үміткер магистр дәрежесін алуға, 7 үміткер доктор дәрежесін алуға, 2 үміткер тағылымдамадан өтуге конкурстық іріктеуге қатысты.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 57 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды.
Стипендия иегерлері - University College London, New York University, King's College London, ETH Zurich - Swiss Federal Institute of Technology, Technical University of Denmark, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті іспеттес әлемнің үздік жоғары оқу орындарына өз бетімен түскендер.
2020 жылға барлығы 555 стипендия бөлінген, оның 395-і магистратура бағдарламасы, 50-і докторантура бағдарламасы және 110-ы тағылымдамадан өтуге арналған. Осылайша, 16 қыркүйек және 30 қазан күндері екі рет өткен комиссия отырысының қорытындысы бойынша 163 стипендия тағайындалды: магистратура – 143, докторантура – 13, тағылымдама - 7.
Қалған стипендиялар саны келесідей:
«Магистратура» мен «резидентура» бағдарламалары бойынша 252 стипендия келесі бағыттар бойынша: сәулет және құрылыс – 8, гуманитарлық мамандықтар – 19, жаратылыстану ғылымдары – 18, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету – 31, инженерлік-техникалық мамандықтар – 80, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 30, өнер – 3, білім беру – 37, ауыл шаруашылығы және ветеринария – 25, әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық – 1;
«Докторантура» бағдарламасы бойынша 37 стипендия келесі бағыттар бойынша: сәулет және құрылыс – 2, гуманитарлық мамандықтар – 7, жаратылыстану ғылымдары – 5, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету – 5, инженерлік-техникалық мамандықтар – 6, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 3, өнер – 2, білім беру – 3, ауыл шаруашылығы және ветеринария – 3, әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық – 1;
«Тағылымдама» бағдарламасы бойынша 103 стипендия келесі бағыттар бойынша: сәулет және құрылыс – 5, гуманитарлық мамандықтар – 10, жаратылыстану ғылымдары – 10, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету – 9, инженерлік-техникалық мамандықтар – 10, ақпараттық- коммуникациялық технологиялар – 10, өнер – 5, білім – 19, ауыл шаруашылығы және ветеринария – 15, әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық – 10 болып бөлінген.
6 мамырдағы ҚР Үкіметінің №271 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларымен қарастырылған мамандықтарды бағыттары бойынша сандық үйлестіру – Қазақстан үшін сұранысқа ие мамандықтарға түскен үміткерлерге конкурстық іріктеу барысында тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді көздейді.
Сонымен қатар, комиссия отырысында магистр дәрежесін алмауы және академиялық оқуды аяқтамауына байланысты 800 млн теңгеден астам шығынды өтеуді міндеттеу шартымен 25 стипендиатты стипендиядан айыру туралы шешім қабылданды.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің толық тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтында жарияланды.
Анықтама:
«Болашақ» халықаралық стипендиясы ҚР Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен бекітілген. 26 жыл ішінде бағдарлама бойынша 13 978 стипендия тағайындалды. Оның ішінде 1994 жылдан 2004 жылға дейін – 785 стипендия, 2005 жылдан 2020 жылға дейін – 13193 стипендия берілді: бакалавриат - 3379 стипендия, магистратура - 7231, аспирантура - 35, клиникалық ординатура - 87, докторантура - 347, тағылымдама – 2114.