Атырау облысындағы Ақмешітте жол мен су мәселесі әлі шешілмей отыр
Ал жергілікті билік бұл жерді туристік орынға айналдыруды жоспарлапты
Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген Бекет атаның туған топырағы Ақмешітті жергілікті билік туристік орынға айналдыруды жоспарлапты. Алайда шешілмеген мәселе шаш етектен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан Ақмешіт қорымына тәу етіп келетіндердің қатары жыл санап артып келеді. Тіпті алыс-жақын шетелден келетіндер де бар. Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген Ақмешітті жергілікті билік туристік орынға айналдыруды жоспарлапты. Алайда жол мәселесі толық шешім таппай отыр. Қыстыгүні мүлде қатынас болмай
Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген тағы бір орын – Құлшан ата жер асты мешіті. Ақмешіттен 5-6 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерлерді туристік орынға айналдыру үшін тағы бір қолбайлау болатын – ауыз судың жоқтығы. Бұл мәселе де қаржының тапшылығына тіреліп отыр.
«Мұның басына су келіп жатқан жоқ. Су тартылса жақсы болар еді. Келіп кететін адам қарасы көбейгеннен кейін пайдаланатын судың да көлемі көбейеді. Осындай болса, келетін туристердің, қонақтардың қарасы көбейер еді», - дейді Ақкиізтоғай ауылының әкімі Дастан Тілеуов.