02.11.2020, 00:53
Жаңалықтар
Павлодарда шенеуніктер 51 млн теңгеге телефон сатып алмақ болған
Мемлекеттік орган бұл қаражатқа 39 мың телефон сатып алуды жоспарлаған
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мекемелердің бірі VIP телефондарды өте көп мөлшерде сатып алмақ болғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Мемлекеттік сатып алулар сайтына жүргізілген мониторинг кезінде Павлодардағы бюджетті бағдарламалар әкімшілігінің өте көп мөлшерде IP-телефондар сатып алмақ болғанын анықтады. Мемлекеттік орган 39 мың телефонды 51 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған», - деп хабарлады Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы Дархан Құрақбаев.
Ол мемлекеттік секторды нақты атамады және сатып алу тоқтатылғанын айтты.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
