Елордада жыл соңына дейін бірнеше әлеуметтік тұрғын үй салынады
Бұл туралы Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды
Елордада жыл соңына дейін бірнеше әлеуметтік тұрғын үй салынады. Бұл туралы ол бүгін өзінің Inatagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Жыл соңына дейін бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй саламыз. Қаланы аралау барысында жеңілдікпен берілетін үйлердің құрылыс барысымен таныстым. Көппәтерлі тұрғын үй кешендері қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан», - дейді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Мәселен, Рыскелді қажы (Сарыарқа ауданы) мешіті жанында орналасқан тұрғын үй жыл соңына дейін тапсырылады. Бұл жерден кезекте тұрған, халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын 530 адам пәтер алады. Сонымен қатар Алматы ауданы (метроға жақын) мен Жағалау ауданындағы 2 мыңнан астам пәтер кезекте тұрғандарға, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына, Шаңырақ «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасының қатысушыларына беріледі.