ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус анықталды

Форт-Шевченкода теңіз жағасы абаттандырылды

Құрылыс жұмыстары қараша айының соңына дейін жалғасады

«Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиаланың партиялық бақылау комиссиясы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы бойынша теңіз жағалауын абаттандыру жұмыстарына мониторинг жүргізді. Бағдарлама аясында жергілікті 45 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылды.

Аудан әкімінің айтуынша, тұрғындардың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында теңіз жағалауына жаңа орындықтар, қоқыс жәшіктері, беседкалар, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын элементтері қойылуда. Сондай-ақ, партияның аудандық филиал төрағасы А.Қосуақов теңіз жағалауында іске асырылып жатқан абаттандыру жұмыстарының тұрғындар үшін маңыздылығын ескерте отырып, мердігер мекемеге құрылыс материалдарының сапасына мән беруді және уақытында аяқтауды тапсырды. Бұл жұмыстар осы жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарланып отыр.