$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2020, 12:25
Жаңалықтар

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Гүлмира Қалмұратова бір кездері Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болған

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Фото: facebook.com/AkimatMangystau/

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Гүлмира Мұратқызы Қалмұратова тағайындалды.

Гүлмира Мұратқызы 1969 жылы туған. Еңбек жолын 1986 жылы Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

1995-1998 ж.ж. – Жаңаөзен қалалық әкімшілігінде бас маман-заңгер;

1998-2003 ж.ж. - Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары;

2003-2007 ж.ж. - Ақтау қаласы әкімінің орынбасары;

2007-2017 ж.ж. - Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, кейін Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы;

2017-2019 ж.ж. - Ақтау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары;

2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 

Серіктес жаңалықтары