$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2020, 17:39
Жаңалықтар

COVID-19 тестінің анықтамасы жоқ шетелдіктер Қазақстан әуежайларынан депортацияланады

Шетелдегі қазақстандықтар ПТР-тест болмаса да елге келе алады 

COVID-19 тестінің анықтамасы жоқ шетелдіктер Қазақстан әуежайларынан депортацияланады
Фото: ашық дереккөзден

27 қазаннан бастап Қазақстанға келетін шетелдіктер COVID-19 ПТР-тестінсіз ұшақ бортына кіре алмайды. Егер, ұшақ бортына кіріп, әуежайға келген жағдайдың өзінде қайта келген еліне кері депортацияланады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Байғабылов Сәдуақас мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ведомоствоаралық комиссияның шешімімен,  ковид анықтамасы тек шетелдік жолаушылардан талап етіледі. 27 қазаннан бастап келетін шетелдіктер үш тәулікке жететін COVID-19 анықтамасы болмаса, келген елдеріне кері депортацияланады. Әуе бортына шетелдік жолаушыларды ПТР тестсіз кіргізген компанияға, әкімшілік кодекс бойынша айлық есептік көрсеткіш бойынша 1600 МРП айыппұл салынады.  Шетелде жүрген қазақстандықтар ПТР тестінің анықтамасынсыз елге кіруге құқылы», - деді Сәдуақас Байғабылов. 

Айта кететіні, Қазақстанға келетін шетелдіктерге ПТР тест карантиндік стационарда өткізіледі. Әуежайдан келген жолаушылар стационарлық карантинге жергілікті бюджет есебінен жатқызылады. Зертханалық ПТР тест нәтижесін жолаушылар мен туристер максималды түрде 12 сағат күтеді. Ішкі рейстерде кез-келген қазақстандық азамат ПТР тестсіз жүре алады. 

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары