ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Пандемия жағдайында Қазақстанда жылжымайтын мүлік қымбаттады

Ел аймағындағы ең қымбат және ең арзан жер, пәтер мен үйлер анықталды 

Фото: ашық дереккөзден

OLX.kz онлайн-хабарландыру сервисінің талдаушылары 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде қазақстандық жылжымайтын мүлік нарығын сату санатын бағалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нарық бойынша ұсыныстарды зерттеу барлық санаттар бойынша жалпы құлдырауды анықтады. Орташа алғанда, нарық 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға төмендеді. Бұл ретте барлық санаттар бойынша бір шаршы метрдің құны елде орта есеппен 15%-ға өсті.

«2020 жылдың үш тоқсанында 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда «Пәтерлер» санатында сату туралы хабарландырулар саны азайды: жалпы ел бойынша 31%-ға төмендеді. «Бөлмелер» санатындағы ұсыныс 6%-ға төмендеді. Тоқырау пандемия кезінде сатып алу қабілетінің төмендеуіне, азаматтардың экономикалық алаңдаушылығына және соның салдарынан жылжымайтын мүлік сияқты қаржылық активтен бас тартуға байланысты болуы мүмкін», - делінген талдауда. 

Аймақтар бойынша, «Үйлер» санатында 2019 жылмен салыстырғанда шаршы метр құнының ең жоғары өсу динамикасы Қарағандыда байқалды, 24%-ға өсті немесе әр шаршы метр 104 167 теңгені құрайды. Ең қымбаты – Нұр-Сұлтан қаласындағы үйдің шаршы метрлері, бұл санаттың орташа құны бір шаршы метр үшін 121 429 теңгені құрайды. Ең арзан шаршы метр Өскемен қаласында - 71 429 теңге. Ақтау қаласында 1 шаршы метр үшін бағаның өсуі немесе төмендеуі байқалмайды – 2019 жылдағыдай орташа құны 72 917 теңгені құрайды.

«Пәтерлер» және «Бөлмелер» санатындағы ең қымбат шаршы метрлер Алматыда – тиісінше, 356 098 теңге және 288 889 теңге, ең арзан пәтерлер Ақтауда – шаршы метрі 178 571 теңге, ең арзан бөлмелер Қарағандыда – әр шаршы метрі 139 444 теңге. «Пәтерлер» санатындағы шаршы метр бағасының ең серпінді өсуі Қарағанды және Шымкент қалаларында тіркелді (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +30%). Қазақстан астанасындағы «пәтер» және «бөлме» санаттарындағы шаршы метрдің құны ең тұрақты – өсім тиісінше 5% және 2% - ды ғана құрайды.

«Жер» санатында ең жоғары өсу динамикасы Шымкент қаласында белгіленді және өткен жылмен салыстырғанда 31%-ды құрайды, бұл аймақтағы 1 соттық жердің құны 437 500 теңгені құрайды. Ал ең арзан жер Өскеменде – 1 сотық жер мұнда 107 143 теңгені құрайтынын атап өткен жөн.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан