15.11.2019, 12:58
Жаңалықтар
Синоптиктер республика аумағында күннің қайта жылынатынын айтты
«Қазгидромет» синоптиктері алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын әзірледі
Фото: Максим Рожин
Республиканың басым аумағында орнаған арктикалық антициклонды атлантикалық батыс циклондары ығыстыра бастады. Соның нәтижесінде алдағы үш тәулікте еліміздің өңірлерінде аяз сынып, ауа температурасы жоғарылайды.
Кешегі түні республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақарында минус 17...25°С аяз орнаған еді. Жексенбіге қарай бұл өңірлерде ауа температурасы минус 5...13°С градусқа дейін жоғарылайды. Дегенмен, қар жауып, екпінді батыс желі соғады деп күтілуде.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болғанымен, ауа температурасы төмендейді. Батыста жауын-шашынсыз және температураның жоғарылауы күтіледі.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
