$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.10.2020, 13:51
Жаңалықтар

Қазақстанда үш күн ішінде 10 мың жүргізуші жол ережесін бұзған

292 көлік айыппұл тұрағына қойылды

Қазақстанда үш күн ішінде 10 мың жүргізуші жол ережесін бұзған
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде 3 күннің ішінде жол ережесін бұзудың 10 мыңға жуық дерегі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мас күйінде көлік тізгініне отырған 15 адам ұсталды. Олардың барлығы көлік жүргізу құқығынан айырылады. Ал 1700 автобус жүргізушісі рөлде отырып телефонмен сөйлескені үшін жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық көліктің 300-ге жуық жүргізушісі жылдамдықты арттырып, өзгелердің өміріне қауіп төндірген. Бір мыңнан астам автобус техникалық байқаудан өтпеген немесе заңсыз қайта жабдықталған болып шықты. 292 көлік айыппұл тұрағына қойылды. 

«Автобус» жедел алдын алу шарасы кезінде 126 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 автопарктің лицензиясы тоқтатылды. 

Серіктес жаңалықтары