26.10.2020, 09:45
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтан әуежайына шетелден ұшып келген 108 адам карантинге жатқызылды
Жолаушылардың ПТР-тест тапсырғаны туралы анықтамасы болмаған
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан әуежайына шетелден ұшып келген 108 адам карантинге жатқызылды. Түнде елорданың әуежайына шетелден 6 ұшақ келіп қонды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әуе рейстерін Air Astana, Turkish Airlines,Belavia және Flydubai әуе компаниялары орындаған. Барлығы 722 жолаушы ұшып келген. Соның ішінде 108-інің ПТР-тест анықтамасы болмаған. Олардың барлығы стационарлық карантинге жатқызылды. ПТР-тесттен өткеннен кейін бұл жолаушылардан коронавирус анықталмаса үйлеріне жіберіледі. Егер вирус анықталса, инфекциялық стационарға жатқызылады.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
