26.10.2020, 09:19
Жаңалықтар
Коронавирустан емделіп жатқан 119 адамның жағдайы ауыр
18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 042 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 246 жеткіншек бала бар. Стационарларда 2 283 науқас жатыр. 759 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
️COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, жалпы, науқастардың арасында 119 адамның халі нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады