25.10.2020, 23:43
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда жүгіру мен велоспорттан онлайн жарыс өтті
Қатысушылар көрсеткішін мобильді қосымша арқылы ұйымдастырушыларға жіберді
Фото: 24.kz
Нұр-Сұлтанда жүгіру мен велоспорттан онлайн жарыс өтті. Бәсекеде бақ сынаған бас-аяғы 300-ден аса адамның ішінде әуесқойлармен бірге кәсіпқой да спортшылар бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Осылайша қатысушылар жүгіруден 5 және 10, ал велоспорттан 15 және 25 шақырымдарға жарысты. Кейін көрсеткішін мобильді қосымша арқылы ұйымдастырушыларға жіберді. Ең үздік нәтиже тіркегендер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кету керек, онлайн форматтағы жарыс елордада осымен үшінші рет өткізіліп отыр және алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады