25.10.2020, 22:57
Жаңалықтар
«Оқжетпес» ойыншыларының бірінен COVID-19 анықталды
Бүгін бұл команда Қазақстан чемпионаты аясында алматылық клубқа қарсы ойнауы керек еді
Фото: ашық дереккөзден
«Оқжетпес» ойыншыларының біріне COVID-19 диагнозы қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қайрат» АФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 қазанда «Оқжетпес» Қазақстан чемпионаты аясында алматылық клубқа қарсы ойнауы керек еді.
«Өкінішке қарай футзалдан Қазақстан чемпионаты аясында «Қайрат» АФК - «Оқжетпес» МФК арасындағы бірінші матч өтпеді. «Оқжетпес» МФК ойыншысынан алынған коронавирус сынамасының оң нәтижесіне байланысты ҚФФ кездесуді өткізу мүмкін емес деп шешті. ҚФФ ережесіне сәйкес «Оқжетпес» клубына техникалық жеңіліс (0:5) есептелді», - делінген Алматы клубының хабарламасында.
Ертең, 26 қазанда «Қайрат» рудныйлық «Аятпен» кездеседі.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды