ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда тұман түсіп, жел соғады

Фото: ашық дереккөзден

25 қазан күніне Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

25 қазан күні Атырау облысында тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысында тұман түседі.

Ақмола облысында жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

25 қазан күнітұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында тұман түседі, кей жерлерде көктайғақ болады. 

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерде көктайғақ болады. 

Қостанай облысында тұман күтіледі. көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.