Шымкентте карантин 9 қарашаға дейін ұзартылды
Қалада караоке, бильярд және компьютер клубтарының қызметіне рұқсат жоқ

Шымкент қаласында шектеу шараларының мерзімі 9 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі .
Шымкенттің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың 24 қазандағы қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының жалғасуына байланысты қалада карантин және шектеу шаралары 9 қараша күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
Қалада адамдардың қатысуымен спорттық, салтанатты және еске алу шараларын, форумдар мен конференцияларды өткізуге тыйым сақталады. Сондай-ақ цирк, караоке, бильярд және компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық нысандардағы балалардың ойын алаңдары, батуттар, фудкорттар, мен букмекерлік кеңселердің қызметіне рұқсат жоқ.