$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2020, 17:10
Жаңалықтар

Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі Камчыбек Кольбаев ұсталды

МҰҚК ақпаратынша, Кольбаев құрған қылмыстық топтың құрамында 400-ден аса адам болған 

Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі Камчыбек Кольбаев ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Қырғызстанда қылмыстық әлемінің серкесі Камчыбек Кольбаев ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Осыдан үш күн бұрын Қырғыз Республикасы МҰҚК жаңадан тағайындалған төрағасы Қамчыбек Ташиев қылмыс әлемінің серкесіне сес көрсеткен еді. «Колия қырғыз» лақап атымен Орта Азия елдеріне танымал болған Камчыбек Кольбаев бүгін Бішкекте ұсталды. Бандылардың 46 жастағы жетекшісі «наркобарондар»  тізіміне қосылуымен де танымал болған.

Қырғыз Республикасы МҰҚК 22 қазан күні Кольбаевтың «қылмыстық топ ұйымдастыру және қылмыстық топқа араласу» бабы бойынша ұсталғанын растады.  

«МҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүргізген жұмыс барысында қылмыс әлемінің дөкейі Камчыбек Кольбаевқа қатысты мәліметтер алынды. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 249-бабы, 1-бөлігі (қылмыстық ұйым құру немесе оған қатысу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. 2020 жылы 22 қазанда Қ. Кольбаевтың орналасқан жері Бішкекте анықталды және тергеу әрекеттерін жүргізу үшін ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бас тергеу басқармасына жеткізілді. МҰҚК жүргізіп жатқан тергеу шеңберінде Қ. Көлбаевтың және онымен байланыстағы  адамдардың қылмыстық әрекеттері туралы мәліметтер алу үшін тиісті шаралар қолданылады», - делінген ведомство таратқан хабарламада.  

Кольбаев Бішкектегі спорт клубтарының бірінде жүрген сәтінде қолына кісен салынған.

Елдегі танымал тұлғаларға қастандық жасап, бірнеше адамның өліміне себепкер болғаны үшін қырғыз соты оны 2000 жылы 25 жылға соттаған. Алайда түрмеден сытылып кеткен Кольбаев 2012 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінен Қырғызстанға экстрадицияланған еді. Бұл жолы 5,6 жылға қайта сотталғанмен, ол екі жылдан соң тағы да мерзімінен бұрын түрмеден шығып кеткен.   

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары