$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.11.2019, 23:54
Жаңалықтар

15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

15 қарашада ел аумағының басым бөлігінде қар жауып,  бұрқасын болады

15 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

15 қарашада еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста кей жерлерде жаңбыр және қар, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және орталық өңірлерде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, жел күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал,

Түркістан облысында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары