$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2020, 16:00
Жаңалықтар

Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталады

Бұл туралы ОСК-ның отырысында комиссия төрағасының орынбасары айтты

Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталады
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталады,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына қандидаттарды ұсыну сайлаудан 2 ай бұрын басталып, оған 40 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады. Яғни кандитаттарды ұсыну 2020 жылы 10 қараша да басталып, 2020 жылы 30 қарашада сағат 18.00-де аяқталады», - деді Константин Петров. 

Комиссия төрағасының орынбасары Мәжіліс депутаттығына ұсынылған кандидатқа қойылатын талаптарға тоқталды. 

«Кандидат ҚР азаматы болуы және және соңғы 10 жылда ҚР аумағында тұруы қажет. Сонымен қатар жасы 25-тен кем болмауы қажет. Конституциялық заңның 4-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы, соттылығы белгіленген заңды тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам ҚР Парламентінің депутаттығына кандидат бола алмайды», - деді ол. 

Константин Петров партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі екенін айтты. Сонымен қатар саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелір болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ. 

«Партиялық тізімді саяси партияның өкілі саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге бір мезетте Орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Өкілдің өкілеттіліктері тиісті құжаттармен расталуға тиіс. Саяси партия Парламент Мәжілісі, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіткен кезде оларға кандидаттардың жалпы санының кемінде 30%-ы көлемінде әйелдер мен 29 жасқа толмаған толмаған адамдарды енгізеді», - деп атап өтті. 

Серіктес жаңалықтары