$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.10.2020, 09:19
Жаңалықтар

Бір тәулікте пневмониядан 5 адам көз жұмды

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониядан 387 адам қайтыс болды

Бір тәулікте пневмониядан 5 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

2020 жылғы 20 қазанындағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Өткен тәулікте 15 адамнан пневмония анықталып, 5 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 16 адам жазылып шыққан.

Осы жылдың 1 тамызынан бастап 35 980 адамнан пневмония анықталса, оның 28 239 -ы індетінен сауығып шықты. 387 адам көз жұмды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді. 

Коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат: 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 679 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 199 науқас жатыр. 480 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 83 адамның халі нашар. Соның ішінде 12 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 8 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
 

Серіктес жаңалықтары