19.10.2020, 04:44
Жаңалықтар
19 қазан күнгі ауа райы болжамы
Дүйсенбіде елімізде күн райы ашық болады
Фото: ашық дереккөзден
19 қазанда елімізде күн райы ашық болады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек шығыста түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз батыста, солтүстік-батыста циклон әсерінен жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Ақмола, күндіз Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Атырау, түнде және таңертең Қостанай облыстарының кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Алматы, Жамбыл облыстарының түнде кей жерлерде минус 1 градус суық болады.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады