19.10.2020, 02:59
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда екі күнде карантин талаптарын бұзған 90 дерек тіркелді
Мамандар екі күнде 400-ге жуық нысанды тексерген
Фото: 24.kz
Соңғы екі тәулікте елордада карантин талаптарын бұзу бойынша 90 дерек анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
«Тәртіп сақшылары мен санитарлық сала мамандары жұма мен сенбі күндері 400-ге тарта нысанды тексерген. Дәмхана, мейрамханаларда талаптар сақталмаған. Адамдар арасында арақашықтық жоқ. Музыканың даусы қатты шығып, жұрттың мазасын алған», - деп жазылған ақпаратта.
Осындай бір ойын-сауық орнына полиция өкілдері барып, карантинге қарамай би билеп, көңіл көтеріп жүрген бір топ адамды анықтады. Дәмхана қонақтары мен қызметкерлері әкімшілік жауапқа тартылды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады