COVID-19: Алматыда пациенттерді ауруханаға жатқызудың жаңа тетігі енгізілді
Сонымен қатар Алматы қаласының телемедицина орталығы құрылды

Алматы әкімдігі қаланың коронавирустың жаңа толқынына қалай дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар батыл шара қабылданды. Бұл ретте жедел және алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерін күшейтуге баса назар аударылды. Сонымен қатар ковидті ауруханалардың төсек қуаты біртіндеп артып келеді. Қала бойынша қуаты 7200 төсек-орынды құрайтын 32 ковид стационары дайындалды.
Соңғы екі айда қалада төрт жаңа клиника: Түрксіб ауданында төсек-орын қуаты 500 төсек-орын болатын, Алатау ауданында 300 төсек-орындық жаңа модульді стационар дайындалды. Сондай-ақ сыйымдылығы 215 төсек-орын болатын екі жеке клиника ашылды. Осылайша, соңғы үш айда инфекциялық төсек-орын саны екі есе өсті.
Ахуалды тұрақтандыру үшін пандемия жағдайында денсаулық сақтау жүйесін басқарудың жаңа моделі әзірленді, жүйелі шаралар кешені қабылданды, атап айтқанда:
1. Материалдық-техникалық база күшейтілді. 11 мыңнан астам медициналық жабдық сатып алынды.
2. Қаланың жедел медициналық жәрдем қызметінде диспетчерлік қызмет күшейтілді, автокөліктер саны артты. 35 автокөлік алынды, 100 автокөлік қараша айының соңына дейін алынады.
3. COVID-19, ЖРВИ, ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын науқастарға жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі жетілдірілді. Жедел жәрдем пациенттердің осы санаты үшін ауруханаға жатқызудың жалғыз механизмі. Өздігінен жүгіну арқылы емдеуге жатқызуға тыйым салынады. Қолында КТ зерттеуінің нәтижесі бар науқас ауруханаға түседі, бұл терапияны бірден бастауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қабылдау бөлмесіне түсу кезінде ПТР-тест алынады. Мұның барлығы ТМККК шеңберінде тегін көрсетіледі).
4. Медициналық көмектің сапасын арттыру үшін барлық стационарларды жарақтандырылу деңгейі мен кадрлық әлеуеті бойынша бөлу — эшелондау қағидаты енгізілді.
5. Реанимациялық науқастарды емдеудің тиімділігін арттыру үшін қалада анестезиология және реаниматология орталығы құрылды, ол өз кезегінде сарапшылар бөлімінен және анестезиологтар мен реаниматологтардың мобильді бригадасынан тұрады.
6. Амбулаториялық деңгейде коронавирус инфекциясына күдікті пациенттермен жұмыс істеу үшін 298 мобильді бригада құрылды, олардың құрамына 925 медицина қызметкері кірді.
7. Тәуекел тобындағы пациенттерге мониторинг жүргізу орталығы әкімдік пен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың бірлескен жобасы. Аталған орталық Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының базасында құрылған, ол тәулік бойы жұмыс істейді. Жетекші бейінді мамандар — кардиологтар, пульмонологтар, аллергологтар, эндокринологтар және т.б. амбулаториялық деңгейде орташа ауыр пациенттер мен қауіп тобындағы пациенттерге қашықтан кеңес беруді жүзеге асырады.
8. Алматы қаласының телемедицина орталығы құрылды. Бұл орталықтың міндеті — COVID-19 ықтимал және расталған жағдайлары бар пациенттерге кеңес беру және мониторинг жүргізу. Шын мәнінде, бұл дәрігердің видеокеңесін алу мүмкіндігі бар COVID-19 емдеу бойынша бірыңғай қызмет. Ол үшін МАЖ-мен интеграцияланатын бағдарламалық қамту әзірленуде. Телемедицина орталығының дәрігері видеокеңес жүргізеді, пациенттің жағдайын бағалайды, емдеуді тағайындайды және пациенттің электрондық картасына өзгерістер енгізеді.
9. Қалада клиникаларды медициналық оттегімен қамтамасыз етудің қалалық бағдарламасы қабылданды.
10. Инфекциялық қауіпсіздікті және қала экологиясының сақталуын қамтамасыз ету.
11. Кадрлық резерв қалыптастырылды. Бұл мәселеде әкімдік барлық тәсілдерді қайта қарады.
12. Дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қоры құрылды.