$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Баян Алагөзованың миллионер күйеуі «Қайрат» командасына күтпеген сыйлық жасап, қарқ қылды (ВИДЕО)

Ол осыған дейін «Реалды» жеңсе, «Қайраттың» әрбір ойыншысына көлік сыйлайтынын айтқан

Баян Алагөзованың миллионер күйеуі «Қайрат» командасына күтпеген сыйлық жасап, қарқ қылды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Продюсер Баян Алагөзова Instagram парақшасында жұбайы, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің «Қайрат» футбол клубына екі жаңа автобус сыйға тартқанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Видеода Тұрсынғали Алагөзов команда ойыншыларымен кездесіп, клубтың иесі Қайрат Боранбаевпен алдын ала сөйлескенін айта отырып, команданың нақты қандай көмекке мұқтаж екенін талқылаған.

«Сіздердің жасаған істеріңіз – нағыз ерлік. Сондықтан бәріңізге үлкен алғыс айтқым келеді», – деді Алагөзов өз сөзінде.

Ол өз оқырмандарының ойыншыларға алғыс білдіруді сұрағанын атап өтіп, футболдың командалық ойын екенін және спортшыларға ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ өз компаниясының атынан «Қайратқа» жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, лайықты орындардан көріне беруді тіледі.

Микроавтобустарды табыстау рәсімінен кейін клуб өкілдері кәсіпкерге алғыс айтып, оған «Қайраттың» фирмалық жейдесін сыйлады.

Айта кетейік, осыған дейін Тұрсынғали Алагөзов 30 «Қайрат» Мадридтің «Реал» командасын жеңсе, әр ойыншыға автокөлік сыйлайтынын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары