$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Күнде түрмеге барып тұрдым»: Айсәуле Бақытбек отбасылық сынақтар туралы айтты

Блогер Zamandas подкастына сұхбат берді

«Күнде түрмеге барып тұрдым»: Айсәуле Бақытбек отбасылық сынақтар туралы айтты
Фото: www.instagram.com/aissaulebakytbek/

Блогер Айсәуле Бақытбек Zamandas подкастында өзінің әкесі мен анасы арасындағы қиын кезең туралы ашық әңгімеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Айсәуленің айтуынша, бұл жағдай оны қатты күйзеліске түсіріп, өмірге деген көзқарасын өзгертті.

«Әкем мен анамның арасындағы жағдайды өте ауыр қабылдадым. Ол кезде өзім де күйзелісте жүргенмін. Ең қиыны – әке-шешеңнің ұрысқанын алғаш көру. Күн сайын түрме мен аурухананың арасында жүрдім. Сол төрт ай менің өмірімді түбегейлі өзгертті», – дейді блогер.

Ол сол кезде күйеуі Әлішермен қарым-қатынасы да сынаққа түскенін, алайда кейін қолдау арқылы қайта жақындасқанын айтты.

«Әкем жақсы әке болды»

Айсәуле бүгінде әкесімен тығыз байланыста екенін айтты.

«Әкеммен үнемі сөйлесемін. Түрмеде болған кезінде күнде барып тұрдым. Оған да, маған да қолдау қажет болды. Өмірдің өз заңы бар, мен ол жағдайды қабылдаймын. Әкем жақсы әке болды, ал жиендерінен айырылғым келмейді. Анам да араласып тұрыңдар дейді», – деді ол.

«Өмірдің қадірін енді ұқтым»

Блогер қиын сәттерден кейін өмірдің шынайы мәнін түсінгенін айтты.

«Бұрын бәрін өздігінен болып жатқандай қабылдайтынмын. Ал сол кезде түсіндім – таңертең тұрғанда ата-анаңмен бірге шай ішпеуің де мүмкін. Бірі ауруханаға, бірі түрмеге түсуі ықтимал. Ертең не боларын ешкім білмейді», – деді Айсәуле.

Серіктес жаңалықтары