Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда тұман түсіп, жел соғады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

18 қазан Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, түнде 23 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан, батыстан 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүруі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы плюс 2-10 градусқа дейін күрт төмендейді.

Павлодар облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы плюс 2-10 градусқа дейін төмендейді.