Нұр-Сұлтан қаласының әйелдер футбол командасы ел чепионатында үшінші орын алды

Шымкент қаласында әйелдер футболынан ел чемпионаты аяқталды

Нұр-Сұлтан қаласының әйелдер футбол командасы ел чепионатында үшінші орын алды

10 қыркүйекте басталған футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында 5 команда бақ сынады. Екі кезең қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әйелдер футбол командасы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елордалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ойынның алғашқы кезеңінде көкшетаулық «Оқжетпеспен» кездескен елордалық команда қарсыласынан 1:2 есебімен жеңілді.

Ал, алаң иелерімен болған матч 1:1 есебімен аяқталды. Қазығұрттық футбол командасымен болған ойында 0:5 ұтылса, Қызылорданың «Қайсар» командасын 7:1 есебімен ұтты. Чемпионаттың екінші кезеңіндегі жарыс қорытындысы «Оқжетпеспен» 0:2, Шымкент қаласының №7 БЖСМ командасымен болған кездесу 1:0, БИИК-Қазығұрт құрамасымен 0:3 , қызылордалық «Қайсар» құрамасымен 11:1 есебімен аяқталды.

Осылайша елордалық футбол командасы чемпионат қорытындысы бойынша үздік үштікке кіріп, маусымды нәтижелі аяқтаған.

Естеріңізге сала кетейік, №8  балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің спортшыларынан құралған әйелдер құрамасы өткен жылы да Қазақстан чемпионатында үшінші орын алған.

«Жалпы, чемпионатқа және оған дайындыққа төрт деген баға беруге болады. Коронавирус пандемиясына байланысты чемпионаттың үнемі кейінге қалдырылып келгенін ескеру керек. Келесі маусымда жағдай әлдеқайда тыныш болады және біз чемпионатқа толықтай дайындала аламыз деп үміттенеміз. Қыздарды жеңісімен құттықтаймын», - деді «№8 БЖМСМ» әйелдер командасының бас бапкері Илья Меланич.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.