$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2020, 12:18
Жаңалықтар

Үш жыл ішінде 5 мыңнан астам көлік ұрланып, жартысынан астамы табылмаған

Мәжіліс депутаты көлігі табылмаған азаматтардың жанайқайын жеткізді

Үш жыл ішінде 5 мыңнан астам көлік ұрланып, жартысынан астамы табылмаған
Фото: ашық дереккөзден

2020 жылдың соңғы 2 жылы ішінде Қазақстанда 5132 көлік ұрланып, соның тек 1922-сі иесіне қайтарылған. Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Ерсұлтан Бектұрғанов вице-премьер Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында айтты.  

«Сіздің атыңызға сауал жолдауымызға көлік ұрлығынан жәбір көрген азаматтарымыздың өтініші себеп болып отыр. Жалпы, автокөліктің ұрлануы және оның табылмауы кез келген жәбірленушінің отбасы үшін ауыр тиеді. Көп азамат үшін автокөлік тек қана қозғалыс құралы ғана емес, отбасын асырайтын табыс көзіне айналған», - деп атап өтті депутат.

Деректерге сәйкес, соңғы екі жылда және 2020 жылдың сегіз айында Қазақстанда екі реттік санаққа қойылған көліктердің саны 2,3 млн-нан асады, оның ішінде:

2018 жылы – 628 282 көлік;

2019 жылы – 1 028 452 көлік;

2020 жылдың 8 айы – 669 086 көлік.

Статистикадан көрсетілгендей, ұрланған көліктердің табылуы жылдан жылға азайып барады. Депутаттың айтуынша, ұрланған көліктердің табылмауының тағы бір себебі – автокөлік құралдарын екінші реттік есепке алу немесе шешу кезінде автокөліктің шанағы мен қозғалтқышының нөмірлік белгілеріне визуалды тексеру жүргізуді алып тастау болып отыр.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары