Қазақстанда оқушылар жаппай коронавируспен ауырып жатыр

Жаңа оқу жылының басынан бері 184 бала COVID-19 вирусын жұқтырды

Қазақстанда оқушылар жаппай коронавируспен ауырып жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық мектептерде коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайлары анықталуда. 1 қыркүйектен бастап барлығы 184 бала ауырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың ақпараты бойынша, оқу жылының басынан бері кезекші сыныптарда 73 бала коронавирустық инфекциямен ауырып, 1 012 байланыста болған адам анықталды, олардың ішінде 10 жағдайда вирус расталды.

Қашықтықтан оқитын балалар арасында аурудың 111 жағдайы тіркелді. Бұл оқушылармен 317 байланыс құрған адам тексеріліп, олардың арасында 19 адамда коронавирус расталды.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жаңа оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның 104 жағдайы тіркелгенін, оның ішінде 33 жағдайда балалар кезекші сыныптарда оқығанын хабарлаған.

7 қазанда мектептерде кезекші топқа барған 46 оқушы және балабақшаларда 3 баланың ауырып жатқаны белгілі болды.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.