$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2020, 13:21
Жаңалықтар

Қытайдың Циндао қаласында 9,5 миллион тұрғын коронавирусқа тексеріледі

Эпидемия кезінде материктік Қытайда коронавирустық инфекцияның 85 578 жағдайы тіркелді  

Қытайдың Циндао қаласында 9,5 миллион тұрғын коронавирусқа тексеріледі

Қытайдың Шығыс Шаньдун провинциясындағы Циндао қаласының билігі бес күн ішінде COVID-19-ға қаланың 9,5 млн тұрғынын тексермекші. Бұл шешім Циндаода 12 жаңа инфекция жағдайы анықталғаннан кейін қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

«Жалпыға бірдей тестілеу бағдарламасы (COVID-19-ға) әзірленіп, іске қосылды, қалың жұртшылықтың белсенді ынтымақтастығымен халықты тестілеу жедел қарқынмен жүргізілуде. Үш күн ішінде Шинань, Шибей, Лицан, Лаошань және Чэньян сияқты бес ауданның тұрғындарын тестілеу өткізіледі. Бес күн ішінде қаланың барлық тұрғындарын сынақтан өткізу жоспарлануда, нәтижелері уақытылы жарияланады», - делінген хабарламада. 

11 қазанда қалада жергілікті ауруханалардың бірінде асимптоматикалық коронавирустық инфекцияның үш жағдайы анықталғаннан кейін, билік жедел түрде ауқымды эпидемиологиялық тергеу ұйымдастырды. Тергеу нәтижелері бойынша алғашқы үш науқаспен байланыста болған 377 адам тестілеуден өтіп, нәтижесінде тағы бес асимптоматикалық тасымалдаушы және төрт расталған жағдай анықталды. Нәтижесінде, 12 қазандағы жағдай бойынша, қалада COVID-19-дың 12 жағдайы анықталды, оның ішінде алты асимптоматикалық тасымалдаушы және алты расталған жағдай тіркелді. 

Қазіргі кезде қала бойынша ауруханаларда 143,8 мыңнан астам медициналық мекеме қызметкерлері мен жаңа пациенттер тестіленді, 114 862 адамның нәтижелері дайын, олардың барлығы - теріс. 

Эпидемия кезінде материктік Қытайда коронавирустық инфекцияның 85 578 жағдайы анықталды, 80 714 адам жазылып шықты, 230 науқас ауруханаларда ем алуда, 4634 адам қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары