Нұр-Сұлтанда хоккейшілер аллеясы ашылды
Аллея «Барыс-Арена» спорт кешені маңайында орналасқан
Елордада хоккейшілер аллеясы ашылды. Ол «Барыс-Арена» спорт кешені маңайында орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ағаш егу іс-шарасына «Барыс» хоккейшілері де атсалысты. Спортшылар кешен айналасына 180 сібір шыршасын екті. Экологиялық акцияға үн қосып, тал-шыбық еккендер қатарында Мадияр Ибрайбеков, Саян Данияр және Артур Гатиятов секілді хоккейшілер де бар. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта «Астана-Арена» мен «Алау» мұз сарайы маңына да ағаш егуді жоспарлап отыр.
«Келесі жылы өзге екі нысанның маңына тал егеміз. «Астана-Аренадағы» жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді «Астана» командасы өз алаңына оралатын болады. Қалада мұз айдындары жетіспейді. Қазір осы олқылықты жоюға көңіл бөлеміз», - деді іс-шараны ұйымдастырушы Асхат Мұқашев.