Атыраудағы №1 емхананың медицина қызметкерлеріне өтемақы төленетін болды
Бұған дейін олардың әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтініштері қабылданбаған еді
Атырау облысы аймақтық комиссиясының шешімімен Атырау қаласындағы коронавируспен ауырған №1 емхананың тағы 11 медицина қызметкеріне әлеуметтік төлем төленеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Бұған дейін №1 алғашқы медициналық ұйымның дәрігерлері аймақтық денсаулық сақтау басқармасына олардың әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтініштерін қараудан бас тарту туралы шағым жасаған. Олардың айтуынша, емхана қызметкерлерінің көпшілігі коронавируспен ауырған», - деп жазылған хабарламада.
Жалпы алғанда, облыстық комиссияның қарауына №1 емхана әкімшілігі 33 медицина қызметкерінің құжаттарын ұсынған, 10 өтініш мақұлданды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР ЕХӘҚМ-нің 2020 жылғы 10 қазандағы №129 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілгеннен кейін, бүгін облыстық комиссия мүшелері 23 адамның құжаттарын қайта қарады, 22 өтініш бойынша дәлелдер арқылы бас тартылды, ал 1 құжат бойынша оң шешім қабылданды.