11.10.2020, 16:28
Жаңалықтар
Қызылордада туған ағасынан 12 миллион теңге ұрлаған адам ұсталды
Бұл ақша сейфте тұрған
Фото: ашық дереккөзден
Қызылорда облысында інісі туған ағасының сейфте тұрған 12 млн теңге ақшасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шалқия ауылының тұрғыны аудандық полиция бөліміне үйінен қомақты көлемде ақша ұрланғаны жөнінде арыз түсірді. Көп ұзамай полицейлер қылмыс жасаған адамды ұстады. Ол арыз берген азаматтың туған інісі болып шықты. Күдікті - Түркістан облысының тұрғыны, бұрын сотты болған», - деп жазылған ақпаратта.
Тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды