Қарағанды тұрғынының үйінен 76,5 млн теңгенің есірткісі табылды

Оның үйінде есірткі зертханасы болған

Қарағанды тұрғынының үйінен 76,5 млн теңгенің есірткісі табылды
Фото: polisia.kz

Қарағанды тұрғынының үйінен 76,5 млн теңгеге есірткі және есірткі зертханасы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері Қарағандыда өзімен бірге рюкзагі бар ер адамды ұстады, оның ішінде салмағы 750 грамм болатын ақ түсті кристалды зат салынған целлофан пакеті болды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында полиция қызметкерлері ұсталған адамнан жалпы салмағы бес килограмнан асатын есірткі заттарын тәркіледі, сондай-ақ синтетикалық есірткі шығаратын зертхана табылды», - деп жазылған хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қара базардан алынған есірткі заттарының құны шамамен 76,5 млн теңге сомаға бағаланады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.