$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.10.2020, 22:56
Жаңалықтар

Қырғызстанның жаңа премьер-министрі тағайындалды

Ол алдағы жағдай үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді

Қырғызстанның жаңа премьер-министрі тағайындалды
Фото: ашық дереккөзден

Бостандыққа шыққан оппозиционер Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды. Ол алдағы жағдай үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

Қырғызстан парламенті Жапаров бастаған министрлер кабинетінің жаңа құрамын бекітті. Жапаров барлық саясаткерді Қырғызстандағы жағдай үшін халықтан кешірім сұрауға шақырды және Президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуге дайын екенін айтты.

«Үкіметтің құрамы мен құрылымы өзгермейді. Әзірге мен министрлер кабинетінің бүгінгі құрамымен жұмыс істеуге дайынмын. Бірақ болашақта өзгерістер болады, жас кадрлар міндетті түрде келеді», - деді жаңа премьер.

Серіктес жаңалықтары