$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.10.2020, 22:27
Жаңалықтар

Нұртай Сабильянов: ШҚО-да су құбырын тартуға бөлінген қаражат талан-таражға түскен

Депутат тиісті мемлекеттік органдарға сауал жіберген

Нұртай Сабильянов: ШҚО-да су құбырын тартуға бөлінген қаражат талан-таражға түскен
Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-да су құбырын тартуға бөлінген қаражат талан-таражға түскен. Бұл туралы Нұртай Сабильянов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Көксала ауылын таза ауызсумен қамтамасыз етуге бюджеттен қаражат бөлінсе де, ауыл тұрғындары әлі таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр. Жалпы, бұл мәселе ШҚО-да, соның ішінде Аягөз ауданында өте өзекті болып тұр. Өйткені 2017-2018 жылдары Аягөз қаласын таза ауызсумен (2 жоба), кәріз жүйесімен қамтамасыз етуге, Дөненбай, Ай (Мыңбұлақ), Қопа ауылдарына су құбырын тартуға бөлінген бюджет қаражаты талан-таражға түскен. Қаражал ауылына да су құбырын тартуға бюджет қаражаты бөлінген еді. Бірақ су құбыры әлі жұмыс істемейді», - деп жазды Сабильянов.

Оның айтуынша, тиісті мемлекеттік органдарға сауал жіберілген.

Серіктес жаңалықтары