Еліміздің 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Түнде Түркістан облысының кей аумағында және Шымкентте 1-3 градус үсік жүреді

Еліміздің 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Республиканың бес облысының аумағында және Шымкент қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

10 қазан күні түнде Шымкентте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының кей аумағында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді. Түркістан қаласында күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел күшейеді. Түнде 1-3 градус үсік болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 3 градус суық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей аумағында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с жетеді.   

Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей тұста жел күші 15-18 м/с жетеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.