10 қазанға арналған ауа райы болжамы
Республиканың оңтүстік облыстарында түнде 1-5 градус аралығында үсік жүреді
Еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болатындықтан, 10 қазан күні ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін. Республиканың кей аумағында тұман, желдің күшеюі, солтүстікте – көктайғақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы, Жамбыл, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей аумағына тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола, Түркістан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей аумағында жел 15-23 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысында күндіз шаңды дауыл соғады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей аумағында түнде 1-5 градус аралығында үсік жүруі мүмкін.