$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.10.2020, 12:16
Жаңалықтар

Алматылық медицина ұйымдарына 116,5 млрд теңге төленді

Аталған қаражат кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде көрсетілген медициналық көмек үшін төленген

Алматылық медицина ұйымдарына 116,5 млрд теңге төленді

Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде алматылықтарға қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 116,5 млрд теңгеден астам қаржы төленді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Azattyq Rýhy хабарлайды. 

Хабарламаға сүйенсек, аталған қаражат кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде көрсетілген медициналық көмек үшін төленген. Қаржының 84,1 млрд теңгесі – мемлекеттік тапсырыс негізінде көрсетілетін тегін көмек пакетіне, 32,4 млрд теңгесі МӘМС пакетіне тиесілі. 

Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің операторы болып табылады. Ал, 2020 жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастады.

Айта кету керек, Алматы қаласы бойынша 172 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен жұмыс істейді. Оның жартысына жуығы немесе 55 проценті – жеке меншік клиникалар. Жалпы, 2020 жылға тегін көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт жалпы сомасы – 141,9 млрд теңге, МӘМС пакеті бойынша бекітілген келісімшарт сомасы – 51,9 млрд теңге.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #медицина