$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.10.2020, 10:15
Жаңалықтар

Қазақстанға шұжықтың 85%-ы Ресейден әкелінеді

Шұжық өнімдерінің импорты 33,3 мың тоннаны құрайды

Қазақстанға шұжықтың 85%-ы Ресейден әкелінеді
Фото: ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында еліміздің ішкі нарығын шұжық өнімдерімен толықтыру жобалары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Шұжық өнімдерінің импорты 33,3 мың тоннаны құрайды, бұл ретте 85%-ы көрші Ресейден әкелінеді. Ішкі нарықтың 62%-ы отандық шұжық өнімдерімен қамтамасыз етілген», - деді Омаров.

Жалпы, министрдің айтуынша, ішкі нарықты шұжық өнімдерімен молықтыру міндеті ет өңдеу кәсіпорындарын айналым мақсаттары үшін қаржыландыру және фермерлерді мал союға етті өткізу кезінде ынталандыру есебінен іске асырылатын болады.

«Сондай-ақ, 103 мың тонна ет өңдеу кәсіпорындарын салу бойынша 9 жоба іске асырылуда, олар ішкі нарықты шұжық өнімдерімен қамтамасыз ететін болады», - деп түйіндеді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.

Сымбат Молдатай, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары