Ақтөбеде лауазымды тұлғалардың қаржы жымқыру фактісіне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

Мемлекетке 21,8 млн теңге көлемінде залал келтірілген

Ақтөбеде лауазымды тұлғалардың қаржы жымқыру фактісіне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр
Фото: Батыржан Беспаев

Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Қазына» шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

«Жергілікті бюджет есебінен бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім объектілерін құрылысы мен жөндеу» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі мен бір серіктестік арасында жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын, Ақтөбе қаласының ауданында 900 орындық орта мектептің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы келісім-шартқа қол қойылғаны белгілі болды. Алайда, жарияланған жұмыс толық көлемде жүргізілмей, соның нәтижесінде алдын ала есеп бойынша келтірілген залал мөлшері 21,8 млн теңгені құрады», - делінген комитет хабарламасында.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-б., 2-т. сәйкес (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру) жүргізіліп, жымқыру фактісіне мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың қатысы тексерілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.