$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.10.2020, 12:11
Жаңалықтар

Ұлытауда браконьерлердің қолынан қаза тапқан Қаныш Нұртазиновқа ескерткіш қойылды

Ескерткіш белгіні марқұмның туған-туысқандары, жолдастары, бірге істеген әріптестері қойды

Ұлытауда браконьерлердің қолынан қаза тапқан Қаныш Нұртазиновқа ескерткіш қойылды

2019 жылдың 23 шілдесінде «Охотзоопром» инспекторы 43 жастағы Қаныш Нұртазинов браконьерлер қолынан қаза тапты. Марқұмның артында әйелі мен бес баласы қалды. Ол Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында тұрған.

22 сәуірде міндетін атқару барысында ерлікпен қаза тапқан Қаныш Нұртазиновқа Ұлытау ауданы орталығынан көше аты берілді. Сондай-ақ Қ.Нұртазиновтың құрметіне туған-туысқандары, жолдастары, бірге істеген әріптестері көше маңына ескерткіш белгі орнатты. 1 қазанда марқұм Қаныш Нұртазиновтың ескерткіш белгісінің ашылу рәсімі өтті.

«Салтанатты шараға аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, село әкімі, ауыл ақсақалдары, марқұмның анасы, бауырлары, туған-туысқандары, әріптес, достары жиналды. Шара барысында Ұлытау ауданының «Құрметті азаматы», еңбек ардагері Жақия Садықов, аудан әкімі Берік Әбдіғалиұлы, «Охотзоопром» ӨБ РМҚК орталық өңірлік филиалы директоры Айбек Әліпбаев, Қаныш Нұртазиновтың анасы Айжамал Мәженова, марқұмның досы Сұлтан Төлендин сөз сөйлеп, марқұм Қаныш Серікұлының жасаған ерліктерін баян етті», - делінген аудандық әкімдік таратқан ақпаратта.

Ескерткіш белгінің лентасын аудан әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен марқұмның әріптесі Айбек Әліпбаев қиды.

Серіктес жаңалықтары