$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.10.2020, 12:41
Жаңалықтар

Қазақстандағы үздік ауыл әкімдері анықталды

Агенттік үздік бес әкімнің тізімін жариялады

Қазақстандағы үздік ауыл әкімдері анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының қорытындысы шыққанын хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, үздік ауыл әкімі болып Алматы облысы Іле ауданының Боралдай кенті әкімі Данияр Қоңырбаев анықталды.

Д. Қоңырбаев дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинап, 1 жүлделі орынға ие болды және өз аймағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жобасын сәтті қорғап шықты.

2-орынды екі әкім иеленді. Олар: Ақмола облысы Целиноград ауданы Мәншүк ауылдық округінің әкімі Ғани Исаев және Ақтөбе облысы Мұғалждар ауданы Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазбек Аққайыр.

3-орынды да екі әкім иеленді: Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық окркігінің әкімі Азамат Медетов және ШҚО Жарма ауданы Шалабай ауылдық окруігінің әкімі Жанар Есембаева.

Сондай-ақ, «Үздік әлеуметтік-экономикалық жоба» номинациясы Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданы Абай ауылдық окруігінің әкімі Мұратбек Арыстамбековке, «Халыққа ашық әкім» номинациясы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Центральный ауылдық округінің әкімі Самат Мейрмановқа, «Үздік іскер-шаруа әкім» номинациясы Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиевке табысталды. 

Республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушылары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Анар Жайылғанованың атынан грамоталармен, дипломдармен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары