Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаға патент алу үшін екі өтініш берген

KAZPATENT екі өтінішті де сараптамадан өткізіп жатыр

Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаға патент алу үшін екі өтініш берген
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ғалымдары KAZPATENT-ке COVID-19 вирусының алдын алуға арналған вакцинаны және коронавирус инфекциясы штаммын әзірлеу жөніндегі екі патенттік өтініш берген. Әділет министрлігінің хабарлауынша, екі өтінім де KAZPATENT-тің формалды сараптама кезеңінен өтті.

  • 2020 жылдың мамырында - COVID-19 вирусының алдын алу үшін әсерсіздендіретін вакцинаны алу тәсілі;
  • 2020 жылдың мамырында - «COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың ерекше профилактикалық құралдарын әзірлеу, лабораториялық диагностикалау және биологиялық қорғанысының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын COVID-19 коронавирус инфекциясы вирусының «SARS-CoV-2/KZ_Almaty/04.2020» штаммы.

Патент өнертабыстың патентке қабілеттілігін, атап айтқанда, «жаңалық», «өнертабыстық деңгейге жеткендігі», «өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы» шарттарына сәйкес келуін тексеретін сараптаманың нәтижелері бойынша беріледі.

«Қазіргі кезде өтінімдер мәні бойынша сараптама кезеңінен өтуде. Сараптаманың нәтижесі оң болған жағдайда өнертабыс патенттеледі» - деп хабарлады KAZPATENT директоры Ермек Қуантыров.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.