Құс тұмауынан қырылған құстардың ақысы қайтарылады
Ол үшін жою актісі, құс тұмауынан өлім-жітімнің болғанын растайтын құжаттар қажет

Құс тұмауынан қырылған 329 691 бас құстың құны өтелетін болды. Вирустан өлген құстардың орташа нарықтық құнын өтеу үшін комиссия жұмысын бастады, аудандарда штабтар құрылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Сараптама, жою актісі, құс тұмауынан өлім-жітімді растау болған кезде және иесінің арнайы шотын ашу кезінде қаржы «РПО» РММ республикалық бюджет есебінен аударылады. Құстардың құны құстардың түрлері жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің статистикалық деректері негізінде айқындалады. Жалпы, бүгінде 329 691 бас құс құны өтелмек. Эпизоотиялық жағдай ветеринарлық қызметтердің тұрақты бақылауында», - деді ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов.
Қазақстанда барлығы 46,7 млн бас құс бар. Оның 31,4 миллионы құс фермаларында және 14,7 млн бас құс жеке аулаларда тіркелді.
Бүгінге дейін жеке аулаларда 23 854 құс өлімі тіркелді. Ал екі құс фабрикасында өлген құстың жалпы саны 330 мың бастан аспайды.
Сымбат Молдатай, Нұр-Сұлтан